
ИП QM
QADAZ MEDIA туралы
Біздің миссиямыз: «Шынайы өмірге дайын, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру».
QADAZ MEDIA - шығармашылық ҰБТ және емтихандарға дайындайтын Қазақстандағы лидер орталығы. Біз оқушыларды жай ғана емтиханға дайындамаймыз - біз оларды шынайы өмірге бейімдейміз. 10-11 сыныпта-ақ нағыз компанияларда стажировкадан өткізіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесеміз.
Сандармен айтқанда:
- 5 500-ден астам түлек шығардық;
- 96,7% оқушымыз дизайн, журналистика, архитектура, актерлық шеберлік және режиссура бойынша мемлекеттік грант иегері атанды.
Біздің команда: Біз - жастардың арманын шындыққа айналдыру үшін жұмыс істейтін креативті мамандармыз. Егер сізге жастарға дұрыс жол табуға көмектесу, заманауи орта және тоқтаусыз даму жақын болса - біздің есігіміз сізге ашық!
Бірге болашақ таланттардың жолын ашайық!