
ИП Onai bilim
Onai Bilim — Қазақстандағы колледж түлектерін профильдік пәндер бойынша толық дайындайтын білім беру орталығы.
Біз 2023 жылдан бері студенттерге колледжден кейінгі түсу емтихандарына сапалы дайындалуға көмектесіп келеміз. Бүгінде біздің бағдарламаларымыздан 4 000+ студент өтті.
Біздің басты мақсатымыз — әр студентке білімін жүйелі түрде толықтырып, қалаған мамандығына түсуге мүмкіндік беру.
Біздің нәтижелеріміз
- 4 000+ студент оқудан өтті
- 89% — грантқа түсу көрсеткіші
- 43 балл — орташа нәтиже
- 2023 жылдан бері нарықта жұмыс істейміз
- Қазақстанның жетекші колледждерімен серіктестік орнатқанбыз
Неге Onai Bilim?
Біз үшін тек білім беру емес, нақты нәтиже маңызды. Сондықтан оқу процесін заманауи технологиялармен, жүйелі бағдарламамен және студентке бағытталған тәсілмен ұйымдастырамыз.
Біздің командамыз — білім беру саласын дамытуға және студенттердің нәтижесіне үлес қосуға қызығушылық танытатын белсенді мамандардан тұрады.
Onai Bilim — оңай грант.
Астана
Город
Образовательные учреждения
Сферы деятельности
Организация
Тип регистрации